«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болды.

    Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай 6 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болды.

     Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектері орасан зор. Олардың әрқайсысы буыны қатпаған балалар мен қариялар, аналар қайтпас қайраттарын қиындықтарға қарсы қоя білді. Тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбектерінің нәтижесінде Отанға мол астық, ет, басқа өнім түрлері өткізіліп, әскерлерді киім- кешек, тағаммен қамтамасыз етті. Кеш қонақтары тыл ардагерлері Исабаев Ереже, Қосмамбетова Валентина: «Біз кезінде осындай бейбіт күнді армандаған адамдармыз. Қазіргі таңда ұлан-байтақ еліміз аман, жұртымыз тыныш. Бейбітшілік таңында өмір сүріп отырған ұрпақтарымыз ұлтжанды, елжанды, өз елінің нағыз патриоты болып өсіп, соғыс отын көрмесе екен» - деген лебіздерін білдірді.

    Кеш қонақтарына арналып жеңісті жақындатқан рухты өлең-жырлар оқылып, «Естен кетпес отты жылдар», «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады», «Мың тағзым саған, майдангер!», «Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран», «Майдан мен тылдың мызғымас бірлігі» атты бөлімдерден тұратын көрмеге шолу жасалды.

    Соғыс тарихынан сыр шертетін кітап көрмесіне 200-ден астам кітаптар, фотоальбомдар, газет-журналдар мен суреттер қойылды. Атап айтқанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілген «Жеңіс сарбазы», «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», Ә.Нұршайықовтың «Әскери күнделік», Б.Момышұлының «Алыстан сәлем жолдаймын», «Жетпіс жыл желбірейді Жеңіс туы», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев естелік кітабы» 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақ тапқан жауынгерлер туралы және Қызылорда облысы бойынша майданға аттанып, содан қайтып оралмаған боздақтар жайында жазылған «Боздақтар» - ескерткіш кітабы қойылды.

    Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады.


 

 

 

 

 


 


06 мамыр 2017 ж. 11:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: