«Зұлмат жылдар ұмытылмайды» /Тарихи-танымдық сағат/

     1930-1940 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай 16 мамыр күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Зұлмат жылдар ұмытылмайды»атты тарихи-танымдық сағат өткізді.

   Тарихи – танымдық сағаттың мақсаты: саяси куғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.

    ХХ ғасырдың басындағы тоталитарлық жүйенің солақай саясаты талайды сараңға салып, қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбандарына айналды, қара халықты ашаршылықпен азаптады.

   Зұлмат заманның запыранын жұтқан қазақ елі қатыгез қасіретке төзе білді. Азаттық арайлы таңы атып, тәуелсіздіқ Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі 1993 жылғы 14 сәурдегі «Жаппай саяси қуғын – сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы заңы болды.

    Содан бергі уақытта жазықсыз жапа шеккен азаматтарымыздың біразы ақталды. 1997 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша 31мамыр күні ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осы тарихымыздың зұлмат беттеріне № 217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің және № 23 Ж. Қизатов атындағы мектеп- лицейдің тарих пәнінің мұғалімдері Чекушина В.Ф., Наврузова А. Б. тоқталып, қызықты және тартымды баяндама жасады.

   Қатысқан оқушылар елін сүйген, жазықсыз қудаланған арыстарымызға арналған өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып беріп, есімдері мәңгі сақталып, өшпес із қалдырғаны жөнінде өз пікірлерін айтты.


 

 

 

 

 

 


 

16 мамыр 2017 ж. 16:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: