«Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.2017 жылдың 18 шілде күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Отбасылық құндылықтарды насихаттау –бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Көрменің мақсаты: отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, ақ некенің маңызы жайлы, ер мен әйелдердің міндеттері, отбасындағы өзара түсіністік туралы кеңестер беру. Көрмеге «Қазақтың салт-дәстүрлері», А. Нүсіпқожаның бес томдық: «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», М. Тоқашбаевтың «Бақыттың кілті», «Ел боламын десең бесігіңді түзе» , К. Әлпейісованың «Бақыт пен мұң», «Тәрбие хрестоматиясы», т. б әдебиеттермен қатар ақыл-ой, адамгершілік, денсаулық, сондай-ақ нәрестенің дүниеге келуінен
бастап, оның түтін түтетіп, отау тіккеніне дейінгі уақытта қажет болатын ұлағатты ақыл-кеңестер айтылған баспасөз
материалдары таныстырылып шолу жасалды.
|
Гости4
Роботы19
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 4 часа назад
Кітапхана тарихы

Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ