Бес реформа – бес белес ( Ұлт жоспары– жастар көзімен)

   Елбасының дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді бағындыру үшін 5 халықтық рефрманы асыратын,100 ұлт қадамына қуат беретін 5 міндетті айқындап беретін «Ұлт Жоспары - 100 қадам» бағдарламасын насихаттау мақсатында, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бес реформа – бес белес, Ұлт жоспары –жастар көзімен» атты талқылау өтті.

   Шараның мақсаты:«Ұлт жоспары -100 нақты қадамды» талдау жұмыстарын жүргізу арқылы аталмыш нақты қадамның мән-мағынасын халыққа дұрыс ұғындыруды және бірлесе жүзеге асыруға шақыру.

   Жалпыға ортақ Ұлт жоспарының әр қадамын іске асыруда шараға қатысқан қонақтар, Қызылорда Көпсалалы «Ұлағат» колледжінің оқытушысы Г. Мусаева және М.Шакирбекқызы, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Жақыпова Гулмира ұлттық жоспарда белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, келешегі зор екендігіне ерекше назар аударды.

  Елбасының халыққа жолдаған 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарына тоқталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының идеологиялық бағытын түсіндіріп, сондай-ақ, жастарды рухы мықты адам болуға, туған жерін сүюге шақырды.

    Шара барысында «Тәуелсіздік –Мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


 

 

 

 


 

18 қыркүйек 2017 ж. 21:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: