Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Шахмардан Есеновтың өмір жолы мен еңбектеріне арналған « Өнегелі өмір» және «Шахмардан» кітаптарының тұсаукесері

  2017 жылдың 20 қазанда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қоғам және мемлекет қайраткері, геология минерология ғылымдарының докторы, Қаз.ССР Ғылым академиясының президенті академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл толуына орай, «Өнегелі өмір» және «Шахмардан» кітаптарының тұсаукесері ұйымдастырылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген болатын.

  Артында айтарлықтай із қалдырған, есімдері халқының жадында қалған біртуар тұлғалар Сыр өңірінде де көптеп саналады. Сондай танымал тұлғалардың бірі – Шахмардан Есенов.

   Кітап тұсаукесерін Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Сәрсенбаев ашып көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Лениндік сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ш.Есенов жайлы, оның геология ғылымының дамуына, Қазақстан Ғылым академиясының қалыптасуына қосқан орасан зор үлесі туралы айтты.

  Сонымен қатар Шахмардан Есеновтың өмірі мен еңбек жолын, өмірінде орын алған елеулі оқиғалар мен қызықты да мазмұнды естеліктерімен «Шахмардан» кітабының құрастырушы авторы жазушы, журналист Ақайдар Ысымұлы, «Өнегелі өмір» кітабы туралы Академик «Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының» операциялық директоры И.Грищенко, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп, мемлекет және қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова оқырмандар алдында өз ойларымен бөлісті.

  Жиналған қауым ортасында кітаптың лента қию рәсімі жасалып, кітап оқырман қауымға таратылды. Артында өшпес із қалдырған, ғұмыры ғибратқа толы аға ұрпақтың өнегесі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарына үлгі-өнеге болып қала бермек.

 

 

 

 

 

 


 

20 қазан 2017 ж. 17:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: