«Кітап патшалығына саяхат» /Саяхат/Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 26 жұлдызында мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамдағы орнын табуына көмек көрсету мақсатында №7 Арнайы түзету мектеп-интернатының мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Кітап патшалығына саяхат» атты кітапханаға саяхат жасалды. Саяхат барысында тәрбиеленуші оқушылар Ә. Тәжібаев мұражайы, Тәуелсіз Қазақстан залы және балалар әдебиеті бөлімімен танысты. Жаңа түскен әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды. «Мен және қоршаған әлем», «Неліктен? Неге? Не үшін?», «Кейіпкерлерді тап» атты викториналық ойындар ойнатылып, «Балдырған» залында мультфильм көрсетілді.
|
Гости9
Роботы14
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 15 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ