Таланттыларды іздейміз

     2017 жылдың 27 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастар арасында «Жауқазын-Ғұмыр» клубының жобасы бойынша облыстық оқу орындары арасында таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және дарынды жастардың шеберлігін шыңдау мақсатында «Таланттыларды іздейміз» атты әдеби сайыс ұйымдастырды.

       Қатысушылар «Жүргізушілер», «Мәнерлеп оқу», «Әдеби көрініс» және «Жаңа идеялар» туры бойынша сайысқа түсті.

    Сайысқа М.Маметова атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық, «Өркениет» медициналық, «Ұлағат» және И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық колледждерінің студент - жастары қатысты.

    Қатысушыларға қойылған басты талаптар: Барлық сайысқа қатысушылардың өнері ойды анық жеткізе білу, тіл тазалығы-дикцияны сақтау, дауыс ырғағын интонациямен сөйлеу, аудиторияны баурап алу қасиеттері бағаланды.

     Тартысты, қызықты өткен сайыстың қорытындысы бойынша Жүргізушілер сайысында: І-орын: М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Тоқмырза Алия, ІІ-орын: Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж студенті Жақсыбаева Шұғыла, ІІІ-орын: М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Ерсұлтанұлы Жеңіс.

Мәнерлеп оқу сайысы бойынша: І-орын: М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Бахтиярқызы Аружан;

ІІ-орын:М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Бақбергенова Алина;

ІІІ-орын:М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Таяр Ұлдана иеленді.

Әдеби көрініс және Жаңа идеялар сайысы бойынша «Ең үздік көрініс» және «Ең тамаша идея» номинациясын «Ұлағат» колледж студенттері иеленді.

      Жеңімпаздар алғыс хат және дипломдармен марапатталды. Кітапхананың «Жауқазын-Ғұмыр» әдеби клубы жаңа жас таланттылармен толықты.

 

 

 

 


 

 




 

27 қазан 2017 ж. 17:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: