«Жаңа кітаптар» көрмесі

    Қымбатты оқырман! Сіздердің назарларыңызға облыстық кітапхананың аванзалында ұйымдастырылған «Жаңа кітаптар» көрмесін ұсынамыз. Көрменің бірінші «Көркем әдебиет әлемі» бөлімінде 2006 жылы әдебиет саласы бойынша атақты Нобель сыйлығын алған Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы», «Сезім музейі» кітаптарының қазақ тіліндегі аудармасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Тамаша айым - тамызым» атты таңдамалы өлеңдер топтамасы, «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан Жұмекен Нәжімеденовтың «Ақшағыл», «Даңқ пен дақпырт»,» Кішкентай», Ибрагим Исаның «Сағым дүние», Серік Томановтың «Соғады сен деп жүрегім», Есенқұл Жақыпбектің «Өмір өтті», Рафаэль Ниязбектің «Таңдамалы шығармалар жинағы», Сұлтанәлі Балғабаевтың 2 томдық «Алтын сағымы», Ғұсман Жандыбаевтың 2 томдық «Шығармалар жинағы», т.б.көптеген қызықты көркем әдеби туындылар қойылды.

   «Санаға ой қосатын кітаптар»бөлімінде өмір-тұрмысын жақсартуды көздеген жігерлі жастар мен көпшілік оқырман қауымға арналған Н.Нұраливтың «Байлықтың құпиясы», Дейл Карнегидің «Как прожить яркую жизнь», «Как сделать свою жизнь легкой и интересной», «Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей», «Как эффективно общаться с людми», Роберт Кийосакидің «8 уроков лидерства», «Пророчество богатого папы», «Заговор богатых. 8 новых правил общения с деньгами», «Второй шанс», «Неисправедливое преиумущество», «Цель и решения», В.Синельниковтың «Формула жизни. Как обрести личную силу», «Таинственная сила слова. Формула любви», т.б.кітаптары қойылған.

    Көрмедегі «Денім сау болсын десеңіз» атты 3-ші бөлімде Б.Болотов пен Г.Погожевтың «Лечение желудочно-кишечного тракта по Болотову», А.Мясниковтың «Вектор страха: как перестать бояться рака и защититься от него», «Как жить дольше 50 лет: честный разговор с врачом о лекарствах и медицине», М.Трифонованың «Как жить , чтобы быть стройной и здоровой», А.Г.Пучконың «Открытия будущего.Многомерная медицина: система, самодиагностики и самоисцеления человека», М.Гогуланның «Попращайтесь с болезнями», «Книга от боли», тағы басқа денсаулық жолы, аурулардың алдын алу, адам денсаулығын күту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты көптеген кітаптар қойылды.

   «Таңғажайып кітаптар»бөлімінде зияткерлік технология негізінде әзірленген «Халық жыры», «Халық тағылымы», «Билер сөзі», «Аталар сөзі», «Нақыл сөз», «Халық әні», «Бесік жыры», «Домбыра күйі», «Қобыз үні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Даналық кітабы» кітаптарынан топтасқан «Даналық әліппесі» ұсынылды. Кітапта баяғыдан бүгінге дейінгі ақыл-ой тұжырымдары «сөйлейтін қаламның көмегімен» дыбысталады. Сондай-ақ, бұл бөлімде кішкентай бүлдіршіндерге арналған әр-түрлі жанрдағы заманауи үлгіде жасалған көркемсуретті «Драконоведение», «Монстрология», «Египтология»,«Океанология», «Жануарлар үні», «Көліктер үні», «Аспаптар үні», «Орман үні» дыбысты кітаптармен қатар ертегі кітаптар «Қызыл телпек», «Патша мен бүркіт», «Тасбақа мен қоян», «Нанбатыр», «Піл мен маймыл», «Қаңбақ шал», Жолбарыс пен тышқан», «Бала мен қарлығаш», «Менің достарым», «Жоғалған доп», «Қазақ ертегілері» т.б. қойылды. Көрмеге жалпы саны 275 дана жаңа кітап ұсынылды.


 

 


 

01 қараша 2017 ж. 17:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: