«Теңге – тәуелсіз ел таңбасының кепілі»

     Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енген күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады.
    Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі бірлесіп  2017 жылдың 15 қарашасында «Теңге – тәуелсіз ел таңбасының кепілі» тақырыбында  ғылыми-теориялық  конференция  ұйымдастырды.
     Конференцияға  «Ұлағат Қызылорда», М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, Медициналық колледжі, Абылайхан атындағы колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі және «Жас өркен» колледж студенттері  мен  оқытушылары қатысты.
Конференцияның мақсаты: жастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ажырамас атрибуты ретінде теңгенің тарихы, өзгеруі мен түрленуі жайында  және ұлттық ақша айналымы  жөнінде ақпарат беру. 
   Қатысушы жастар арасында  валюталық қарым-қатынастарды нығайтудағы теңгенің қызметі, тарихы, қолданыстағы  маңызы сынды мәселелер талқылады.
   Шараға «Тәуелсіздік символы–ұлттық теңге» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 





15 қараша 2017 ж. 18:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: