ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілі Криста Пиккатпен кездесу ұйымдастырылды.

    2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қызылорда облысы тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту бірлескен жобасы аясында «Ауылдық онлайн орталығы» жобасы жүзеге асырылды. Жобаны үйлестіруші орталық – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Жоба аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауыл кітапханаларын компьютерлермен, проектілік жабдықтармен, сондай-ақ көбейту техникасынан құралған ірі техникалармен қолдау көрсетті.

Жобаның мақсаты - облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, ауылдар тұрғындарының қоғамдық-маңызды сапалы ақпарат алу мүмкіндігін арттыру болып табылады.

    Қазіргі таңда облыста 14 ауылдық кітапханада, атап айтсақ, Сексеуіл, Жақсықылыш, Өркендеу, Жанқожа батыр, ІІІ-Интернацианал, Төретам, Мәдениет, Аққұм, Іңкәрдария, Ақжарма, Сұлутөбе, Еңбекші, Төменарық, Бірлік ауылдық кітапханаларында онлайн орталықтар жұмыс істейді. 

   Онлайн орталықта ақпараттық қызметтер, компьютер және Интернетпен жұмыс негіздері бойынша ақысыз тренингтер, мемлекеттік онлайн қызметті пайдалану жөніндегі семинарлар, қашықтан кеңестер жүргізіледі.

   2015-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының қолдауымен ауылдық онлайн орталық қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізілді. Семинар тренингтің мақсаты - жергілікті ақпаратты дамыту, жергілікті халықтың өздеріне қатысты ақпаратты алуы және сол арқылы жергілікті проблемаларды жергілікті билік өкілдерінің құлағына жеткізу жолдарын табу. Қоғамдық-маңызды сапалы ақпаратқа қол жеткізу – өзін-өзі тиімді басқарудың факторы. Бүгінгі таңда ауылдық онлайн орталықтар жергілікті тұрғындардың ақпараттық алаңына айналып отыр.

   Кітапхана қызметкерлерімен кездесуге келген ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілі Криста Пиккат облыстағы ауылдық онлайн орталықтардың жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта облыста тағы 10 ауылдық (Райым, Бірлік, Ақарық, Бұқарбай, Қоғалыкөл, А.Тоқмағанбетов, Досбол би, Жаңажол, Ақай, Қожакент) кітапхананы  мобильді мультимедиялық орталық ретінде ашып, оған қолдау көрсету мақсатында кітапханаларға смартфондар табыс етті.







 
21 қараша 2017 ж. 17:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: