Подари рисунок детской книг /Балалар кітабына сурет сыйла/акция аясында

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 қараша күні ,  8 қаңтар-10 ақпан аралығында  қаланың мектеп оқушылары арасында өткізілген «Балалар кітабына сурет сыйла»  ақциясы аясында Ақмолалық балалар ақыны Сергей Пономаревтің  шығармалары бойынша  «Поэзия радости и добра»  атты поэзия сағатын өткізді.

      Ақмола облысының Щучинск қаласында тұратын Қазақстандық ақын  Сергей Пономарев балаларға арналған бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол шығармашыл және әлеуметтік белсенді адам, бірінші топ мүгедегі.  С.Пономарев 2009 жылдан бастап  балаларға арналған кітаптар басылымындағы «В мире детства» атты әлеуметтік жобаны іске асыруда. Осы жоба аясында  ол «Подари рисунок  детской книге» атты акция өткізді.  Жақсы суреттер «Цветные страницы» және «Кураж» кітаптарына енгізілді.Сергей Геннадьевич бір қаламен шектелмей,  Қызылордалық балаларға  жаңа кітапты безендіруге ұсыныс жасады.  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бұл ұсынысты қолдады.  «Подари рисунок  детской книге» ақциясы өткізіліп балалардың салған суреттері  енді жарық көретін  жинағын  безендіруге Сергей Пономаревке жіберілді. Автордың бастамасымен балалардың суреттері «Кураж» , «Цветные страницы», «Белый след», «Рыбка», «Калина», «Мечта», «Лето», «Настенька» жинақтарының өзегі болды. Ақцияны өткізуге қатысқандар: Қызылорданың «Өнер» сурет студиясы,  №3 мектеп лицей, №23 Қизатов атындағы, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп және  №101, №187, №198 орта мектептер.  Үстіміздегі жылдың қазан айында кітапхана  С. Пономаревтің «Общий успех», «Конфетти»  және «Рыжий кот»   өлеңдер жинағын сыйға алды.  «Общий успех», «Конфетти»  және «Рыжий кот»   өлеңдер жинағының суретшілері -балалар әдебиеті бөлімінің оқырмандары  Кожевников Николай, Мамедова Аделина, Мырзабекова Аружан, Цой Евгения, Амиргазина Айгерим, Кисиков Владик, Ибраева Карина, Моловик Елена, Тлеулиева Зарина, Те Анастасия, Ким Екатерина, Маткаримова Роксана болды. Қітапхананың аванзалында өлеңдер жинағына енгізілген суреттер бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.










 
23 қараша 2017 ж. 18:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: