«Туған өлкем, неткен көркем» /жас ақындар мүшәйрасы/

      8 желтоқсан күні  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық   әмбебап ғылыми кітапханасы  Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  ҚР Тәуелсіздік күніне арнап   «Туған өлкем, неткен көркем» атты жас ақындар жыр мүшәйрасын  ұйымдастырды.

Шараға қаламыздағы №2, №3,№7,№11,№12,№ 15,№101 және Қазалы ауданындағы №216 мектептерден   келген барлығы 15 үміткер қатысты.

      Қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілігін және еліміздің жетістіктері мен  тұтастығы, бірлігі, татулығы  туралы   өлеңдер оқып,  көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

      Қатысушыларға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қатира Жәленова бастаған қазылар алқасы  баға берді.

      Талантымен дараланып көзге түскен Қазалы ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Төлеш Нұрболатқа қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлде» берілді, І орынды №2 «Мұрагер» мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Ернұр Маханбетжанов, ІІ орынға №7 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ғабит Дінмұхаммед пен М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейдің 7 «Ә» сынып оқушысы Манас Әмірхан,  ІІІ орынға №11 мектеп-лицейдің оқушылары Шаттық Амангелді, Олжас Азизов пен Әли Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы Аружан Тілесхан ие болды. Сондай – ақ, басқа да қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.








 
08 желтоксан 2017 ж. 18:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: