«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі

        2017 жылдың 13 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Кітапхана  аванзалында  еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған  кітап көрмесі  жасалып, экраннан «Кемеңгер» атты деректі фильм көрсетілді.

       Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент     Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. 

Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

     «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы» атты бөлімде ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі туралы әдебиеттер қойылған.

Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмыры, елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз туралы әдебиеттер көрменің «Қазақстанның тарихи белестері» бөлімінде орналастырылған.

    «Мәңгілік ел-Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұраты»  бөлімінде мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін айқындайтын әдеби туындылар ұсынылған.

   Астананың алғашқы авторы – Тәуелсіздік. Астананың өмірге келуі, Қазақстанның жаңа тарихының ең бір қиын да жарқын сәттерін баяндайтын әдебиеттер «Астана – Тәуелсіздік жемісі» бөлімінде орналасқан.

   Кітап көрмесіне 700-ден аса кітап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылды.





 
13 желтоксан 2017 ж. 11:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: