Қазақстан – асқақ әнім!

        15 желтоқсан күні облыстық кітапхананың конференц-залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – асқақ әнім!» атты патриоттық әндер кеші болып өтті. Шараның мақсаты - жастарды елжандылыққа үйрету, отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы патриоттық тәрбие беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру, мәдениеті мен дәстүрін тануға көмектесу, сонымен қатар өнерге, әдемілікке баулу.

        Кеш барысында қаламыздағы «Өркениет» медициналық колледж студенттері  белгілі композиторлардың патриоттық рухта жазылған әндерін шырқады.  «Қазақ елі», "Атамекен", "Мен – қазақпын!", "Туған жер", "Алға, қазақ жігіттері!", "Қазақстан", "Елім менің", "Отаным", "Көк тудың желбірегені" сияқты әндердің орындалуы жастардың туған еліне деген риясыз сезімдерін жеткізе алды.

        Кітапхананың жас мамандары шара қатысушыларына арнап егемен еліміздің мерейін жырлаған  Қалқаман Сарин, Бауыржан Жақып, Марфуға Айтхожина сынды қазақтың белгілі ақындарының өлеңдерін оқыды.

        Сахна  төріне қойылған экран арқылы тақырыпқа сай дайындалған слайд көрсетілді. Патриоттық рух беретін мерекелік шараға «Өркениет» медициналық және Ұлағат көпсалалы колледждерінің студенттері қатысты.




 
 
15 желтоксан 2017 ж. 18:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: