«Ақын ақиқаты» (әдеби кеш)

         Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы  ақын,  жазушы-журналист, драматург, халықара­лық "Алаш" сыйлығының иегері, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніштің 80 жылдығына арналған  «Ақын ақиқаты»   атты  әдеби кеш ұйымдастырды.

       Кештің мақсаты Қомшабай Есіркепұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларын оқырмандарға ұғындыру.                     Шараға Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаттары  Айтбаева Айман Ералықызы, Қамзаева Күлшат Салыққызы және Қызылорда Қызмет колледжінің студенттері қатысты. Кеш барысында Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері ақынның өзекжарды өлеңдерін оқып, шара Қомшабай Есіркепұлына арналған «Көркем сөздің хас шебері» атты  кітап көрмесімен танысты.




 
22 желтоксан 2017 ж. 16:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: