«Оқитын отбасы-2017» (бенефис)Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы отбасылық оқуларды ұйымдастыру, оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 27 желтоқсан күні «Оқитын отбасы-2017» атты мәдени шара ұйымдастырды. Кештің алғашқы қонақтары ретінде Искаковтар отбасы, Ибраевтар отбасы, Байбахтиевтер отбасылары қатысты. Шара барысында отбасы мүшелері өздерін таныстырып, отбасы өміріндегі кітаптың алатын орнына тоқталды. Кітап және кітапхана туралы әңгімелеп, отбасылық әдеби шығармашылық жұмыстарын көпшілікке көрсетті. Шараға қатысқан оқырмандар «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесімен танысып, өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті, оқырмандармен сұрақ-жауап ойындары өткізілді. |
Гости8
Роботы21
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ