«Үлкен әлемге жол ашатын-кітап» /библиодесант/

           18-қаңтар күні  облыстық кітапхана  жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, танымал қазақ және әлем балалары әдебиетін насихаттау, әдеби шығармалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, рухани және мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында   №101  Ә.Мүсілімов атындағы мектеп-лицейдің  4-сынып оқушыларымен   «Үлкен әлемге жол ашатын –кітап»  атты библиодесант  өткізді. Адам өміріндегі кітапхана мен кітаптың алатын орны, кітаптан, журналдан, энциклопедиядан оқып білуге болатын қызықты оқиғалар жайлы айтқан кітапханашының сөзін  балалар ықыласпен тыңдады. Оқушылар кітап жайлы өлеңдер  оқыды, оқыған кітаптан  алған әсері мен кітап оқудың пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлесті.  Шара соңынан «Кім көп біледі?» танымдық викториналық  ойын өткізілді. Қатысушылар танымдық энциклопедиялар және әлем елдері мен таңғажайыптар туралы түрлі-түсті безендірілген кітаптармен үлкен қызығушылықпен танысты. Шара соңынан балаларға арналған ертегілер,танымдық кітаптар 15 күн мерзімге мектепке қалдырылды.








 
18 қаңтар 2018 ж. 16:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: