«Оқы» деп шақырады»

            Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына көмек ретінде, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, ерте жастан кітап оқуға қызығушылығын арттыру   мақсатында қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен тұрақты түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, өзара ынтымақтастықпен жұмыс жүргізіп келеді.

             Осыған орай  26 қаңтар күні   «Оқы» деп шақырады!»  тақырыбында    «Ырыс» балалар бақшасында кезекті шара  өткізілді.  Кітапханашылар  балалардың  ата-аналарымен баланы ерте жастан кітап оқуға қызықтырудың жолдары және оқудың пайдасы жайлы әңгіме жүргізді,  жанұя мүшелерінің басын қосуға бағыттайтын, кітаптың мазмұнын түсінуге көмектесетін оқулар мен дидактикалық ойындарды ұйымдастырды.

             Бүлдіршіндерге арналған  түрлі-түсті суретпен безендірілген  энциклопедиялар, ертегілер, балалар жазушыларының әңгімелері мен өлеңдері, тағы басқа таңғажайып басылымдар оқуға ұсынылды. Аталған  шара ата-аналар мен балалардың бірге болып, бірге ойнауына, бірге оқуына және жаңалықты бірге тыңдауына мүмкіндік берді. «Құлыншақ» тобы бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісінен көрініс қойды.  Ата-аналарға  арналған түрлі ертегілер мен танымдық кітаптардың ұсыныс тізімі таратылды.






 
26 қаңтар 2018 ж. 16:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: