Хабарландыру!

Егер де сіздер балаңыздың туған күнін қай жерде қызық және ерекше етіп өткізуді шешпеген болсаңыздар, онда сізге ең қолайлы орын...   ол Кітапхана!

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханадағы туған күн» жобасымен жұмыс жасауды бастады. Интернеттің кеңінен қанат жаюына қарамастан кітап-білімнің көзі болып қала бермекші, әсіресе балалық шақтағы ертегілер, алғаш оқыған кітаптар қашан да ыстық.Туған күн- әр адамның  өміріндегі қымбат мереке.

   Маңызды мереке-Туған күнді ескерусіз қалдыруға болмайды. Себебі, ол балалар  үшін  үлкен өмірдің жарқын кезеңдері. Туған күнді достары мен туғандарының ортасында  өзгеше, қызық орында атап өтуден артық не бар.     Шараға туған күн иесімен бірге ата-анасы, бауырлары және достары қатысатын  болады.  Балалар түрлі тапсырмалар орындап, викториналар мен жұмбақтардың шешуін табады.  Кітапхана залдарына саяхат жасайды. Туған күн иесі кітапхана тарихында өз қолтаңбасын қалдыру үшін  «Туған күн иесі»  /«Книга именинника»/  кітабында ұмытылмас күн жайлы естелік жазып қалдыруға болады.  Шара соңынан қонақтарға тәттілер  ұсынылып,  дискотека  /би кеші/  ұйымдастырылады.  Кітапханадағы өзгеше, туған күн кеші балалардың есінде ұзақ сақталатынына сенімдіміз.

Бағдарламаға кіреді:

*құттықтау

*дамыту ойындарын ойнау: ребус, викторина, жұмбақтар шешу

*Онлайн режиміндегі ойындар

*қызықты кітаптармен танысу

*кітапханаға саяхат

*дискотека

*тортпен шай ішуге шақыру

Қосымша ақпараттар және ерте бастан жазылу:

1280008   Қызылорда қаласы

Абай даңғылы №53Д

Телефон: 30-50-29,  23-15-29 

E-mail: ounb_kzlorda@mail.ru,

16 ақпан 2018 ж. 18:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: