Жаңа әдебиеттер көрмесі

Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев  атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 20-28 ақпан аралығында «Жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында шыққан А.Бақытжанның «Сыр ескерткіштері»,  Б.Тасболатовтың «Басында Қазығұрттың кеме қалған», «Тастағы Тараз тарихы», «Уық шаншылған Ұлытау», Б.Көшімованың «Үстірттегі көненің іздері», Б.Бияровтың «Алтай. Алтын бесік», Е.Шоқайдың «Отырар алқабындағы қасиетті орындар», Р.Ілиясованың «Шежірелі Ақтөбе» кітаптары қойылды. Бұл кітаптар ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір-салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығаруда маңызы ерекше зор. Басылымдар еліміздің табиғи, тарихи ескерткіштерін зерттеуге қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға азық болары сөзсіз. Сондай-ақ Қ.Сартқожаұлының «Тас кітаптың құпиясы», тарихи және географиялық орындардың суретті энциклопедиясы «Қазақстанның 70 тарихи орны», С.Аққұлұлының «Әлихан Бөкейхан: қазақ жерінің жоқшысы» кітабының қазақ және орыс тілдеріндегі екі томдығы, А.Ахметовтың «Досалы Сұлтан Бұлқайырұлы» кітабы, «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясы, білім салалары бойынша Ә.Бәкірдің «Тіл тұғыры» кітабы, балаларға арналған анықтамалық: «Алаш қозғалысы», «Сөз сыны: тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер» жинағы, «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» кітабының 5-томдығы, «Қазақ сөзі: 1200 сөз», Ж.Тұрлыбекованың «Менің алғашқы 500 сөзім», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» және басқа да 119 кітап қойылды.


 
22 ақпан 2018 ж. 17:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: