«Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет»

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы   10 қаңтардағы «Төртінші революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында көрсетілген жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін дамыту мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік міндет» атты пікір алмасу кешін ұйымдастырды.

    Аталған шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің  қызметкері  А.Сәлімжанқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Жүсіпбекова,  педагогика ғылымдарының магистрі А.Нұрымбетова,  «Болашақ» колледжінің құқықтану пәнінің оқытушысы Д.Серкебаев, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің оқытушылары қатысып жастарға құқықтық мәдениетімізді  көтеретін, сыбайлас жемқорлық фактісі белгілі болса немесе осыған араласуға мәжбүр болған жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға, болмаса құқық қорғау органдарына хабарлап, жемқорларды әшкерелеуді азаматтық парызымыз екенін айтты.

    Бұл глобальды мәселені талдауға  «Болашақ» колледжінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді, ұдайы жүргізілгенде  ғана оған билік те, қоғам да ат салысса ойдағыдай нәтиже беретінін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы елдің саяси басшылығының ең жоғарғы  деңгейде тығыз ынтымақтастықта  жүзеге  асырылуға тиіс екенін жан-жақты талқыланды.

   Көпшіліктің назарына «Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.




 
23 ақпан 2018 ж. 16:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: