«Адамзаттың шамшырағы – Абай» Кітап көрмесі

    «Абай» журналы – қазақ журналистикасында өзіндік орны бар басылымдардың бірі. Бүгінде қоғамдық-саяси және әдеби «Абай» журналының жарыққа шыққанына 100 жыл толды. Осыған орай, 2018 жылдың 27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Адамзаттың шамшырағы – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       Абайды толық танып білу үшін әлі де қаншама жылдар мен қажырлы еңбек қажет. Соған қарамастан бүгінде бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде. Қазірде үздіксіз зерттеліп жатқан құнды деректер халыққа жол тартуда.

      Көрмеге Абай Құнанбаевтың шығармалары, «Абай» журналының шығу тарихы және журнал туралы тың деректер қойылды. Сондай-ақ, «Абай» журналының 2016 жылдың №2 арнайы шығарылымында Семей жеріндегі қара шаңырақ - Абай мұражайы қорында сақталған бірегей естеліктер оқырман қауымға ұсынылды.

 
27 ақпан 2018 ж. 15:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: