Шеберлік сабағы

            Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында   1 наурыз күні жастар арасында «Өзіміз жасап үйренейік!» айдарымен жастар арасында қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақты  қаламыздағы №2 дарынды балаларға арналған Мұрагер мектебінің  бейнелеу пәнінің мұғалімі Алмағанбетова Динара Денесқызы және №267 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Стамшаева Сағыныш жүргізді. Ұстаздар қыздарға жіптен мойынға орайтын шалманы және газет парақшаларынан түрлі пішіндерді жылдам  жасауды көрсетті.  Сабаққа қатысқан көпсалалаы Ұлағат Қызылорда колледжінің студент қыздары өз қолдарымен бұйымдар жасауға үлкен қызығушылықпен қатысты. Алдағы уақытта шеберлік сабақтары басқа бұйымдардан ұйымдастырылатын болады.




 
02 наурыз 2018 ж. 18:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: