«Жаңарған Қызылорда» Фото-көрме

    Алты алашқа ана болған – Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы бар. Мерекеге орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 2 наурыз күні «Жаңарған Қызылорда» тақырыбында фото-көрме ұйымдастырды.

   Көрмеге көненің көзі мәдени мұралардың асыл көмбесі талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда облысының мәдени орындары, атап айтқанда, «Шірік Рабат қалашығы», «Жанкент жаңғырығы», «Жент – өркениеттер тоғысқан шаһар», «Үш астана атанған – Сығанақ қаласы», «Қорасан ата кесенесі», «Бегім ана», «Өткір көз, орақ тілді Оқшы ата», «Қорқыт ата ескерткіш кешені», «Азаттық жолындағы ақтаңгер – Жанқожа», «Батыл жүрек Бұқарбай» т.с.с. тарихи жәдігерлермен және сыр бойынан шыққан ақын-жазушы, жыршы-жырау, әнші-термешілермен де танысуға болады. Көрмеге Қызылорда қаласы туралы сыр шертетін әр кезеңдегі 30-ға жуық фотоматериалдар, Сыр өңірінен шығатын әдеби-мәдени көпшілік журналдар қойылды. Алдағы уақытта қаламызда жаңаша үлгідегі салынып жатқан сол жағалау келбетімен кітап көрмеміз толыға түспек.


02 наурыз 2018 ж. 18:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: