«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарының қауіптілігі» пікірсайыс

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 16 наурыз күні жас ұрпақты имандылық пен адамгершілікке, діни ағым сенімдерді ажырата білуге, тазалық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.

     Шараға облыстық  ішкі  істер департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының  жедел  уәкілі  Сайн  Еркебұлан, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Памбетов Самат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің интернет қауіпсіздігі пәнінің оқытушылары Махамбаева Индира, Бексейітова Айнұр  қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы әңгімеледі.

     Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризммен, діни экстремизммен күресудің жолдары, оның зардаптары туралы видеоролик көрсетіліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар жастарға күмәнды сайттарға кірмеу керектігі ескертілді.


 
16 наурыз 2018 ж. 18:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: