«Әлем назарындағы Арал теңізі» (кітап көрмесі)

   26 наурыз   күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлем назарындағы  Арал теңізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты жастарға  Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы  ақпарат беру.  

   Көрме 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: «Әлем назары Аралда». Екінші бөлім: «Арал тағдыры – адам тағдыры». Үшінші бөлім: «Арал теңізі -  қаламгерлер шығармаларында». Әлемнің назарынан тыс қалмаған Арал теңізі барлық адамзаттың жадында болуға тиіс. Қазіргі кезде аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. Осы және басқа да  мәселелерді қозғайтын әдебиеттер көрмеде ұсынылған.

   Көрмеге 122 дана кітап пен мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалар, фото-материалдар қойылды.



 
28 наурыз 2018 ж. 17:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: