Мүмкіндігі шектеулі, қабілеті шексіз (Ақын Кенже Маханбетовамен кездесу кеші)

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 29 наурыз күні    сырлы да нәзік  өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген   есімі  дарынды ақын  Кенже Маханбетовамен  «Мүмкіндігі шектеулі, қабілеті  шексіз» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

    Шара мақсаты  тағдырымен тайталасқан, қасыретін қасиетке алмастырған қайсар қыз Кенже  Маханбетованың өмірі мен шығармашылығын  көпшілікке таныстыру, жастарға ақынның  ерлігін, өмірге құштарлығын үлгі ету.

   Кездесуге  Абылай хан атындағы колледж  оқытушылары мен студенттері, қала жастары, оқырмандар қатысып, ақынның  өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған  әндері  шырқалды.

   Көпшілік назарына «Ақ қанатты ақын қыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.




 
29 наурыз 2018 ж. 17:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: