М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты поэзия кеші өтті.

     Оқырмандар арасында поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 6 сәуір күні көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі  М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты поэзия кеші өтті.

    ТҮРІКСОЙ туының астында 2018 жыл «Мағжан Жұмабаев жылы» болып жарияланды. Мағжан өз тегін, өз жерін мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы – қасірет, күйініш те бар.

     Кешке Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Рухани қазына» бөлімінің басшысы Қосанов Серікбай Қылышбайұлы сөз сөйлеп,  «Жауқазын – Ғұмыр» шығармашылық клубының мүшелері Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды.

      Кешке жиналған қонақтар  «Сәулесі мәңгі сөнбес жұлдыз» атты кітап көрмесімен танысты.





 
06 сәуір 2018 ж. 16:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: