«Жұлдыз - әдебиет айнасы» «Жұлдыз» журналының жарыққа шыққанына 90 жыл

   Жұлдыз журналы қоғамдық өмірге, саясатқа, мәдениет пен әдебиетке барынша араласып, соны тақырыптарды көтеріп келеді. Алғашқы саны  1928 жылы жарық көрген журнал өз кезеңінің әдеби-мәдени келбетін айшықтауда. Журналдың тағы бір белесі - түркі дүниесінің жауһарларын адамзатқа паш ету, насихаттау.

   «Жұлдыз» журналының алғашқы санының жарыққа шыққанына 90 жыл толуына орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 6 сәуір күні «Жұлдыз - әдебиет айнасы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шарада өзінің көркемдік қуатымен ел мұраты, халық тілегі деңгейіне көтерілген журналдың арғы-бергі тарихы сөз болды.Төл мәдениетіміздің келелі мәселелері, соны тұжырымдар, бүгінгі күннің өзекжарды мәселелерін байыппен зерделеген  батыл пайымдаулар мен халық жүрегінің төрінен орын алған журналдың алар асулары мол.

    Шараға көзі қарақты, сөзі санатты облысымызға белгілі ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Толыбай Абылаев, Ғазиза Әбілдаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің профессоры Құдайбергенов Қазыбай, ардагер-ұстаз Сейітов Кендебай, зейнеткер оқырман Сатлабаев Ахмет және И.Әбдікәрімов атындағы «Аграрлы-техникалық» жоғары колледжінің оқытушылары  және ПСК-17 оқу тобының студенттері қатысып, «Жұлдыз» журналына қатысты тың мағлұматтармен бөлісті.






 
06 сәуір 2018 ж. 18:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: