«Аңыз адам» атты әдеби подиум

    12 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына орай   «Аңыз адам» атты әдеби подиум ұйымдастырды.

     Мақсаты  Қасым Қайсенов  шығармашылығы мен өмірімен таныстыру, ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету,оқушылар бойында отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру.Шараға қаламыздағы №11 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  Жайықбаева Гулмараш Августовна және  Жабетова Гулбану  Бекдибековна мен 5 « А», 5« В»  сынып  оқушылары  қатысты.

Қатысушылар партизан-жазушының өмір жолымен, келешек ұрпаққа аңыз болып кеткен қаһарлы күндердегі ерлігі мен қантөгіс жылдарындағы қарулас достары жайлы естеліктері, партизандық-жауынгерлік жылдарындағы көркем шежіресінің   ел ертеңі-жастар үшін патриоттық тәрбие берудегі  шығармаларына тоқталып, «Жау тылындағы бала» повесіне  талдау жасалды.

      Оқырмандар Қ. Қайсеновтің өмірі мен шығармалығына арналған әдебиеттермен «Қару мен қалам» атты кітап көрмесі арқылы таныс болды.










 
12 сәуір 2018 ж. 12:38
0 қарау
Пікір
1
Жандосов Ислам 15 сәуір 2018 15:41
менің класстастарым ғо

Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: