«Kitap Fest - 2018» кітап фестивалі ұйымдастырылады.

Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!

Құрметті кітап сүйер қауым!


     23 сәуір күні сағат 11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне» орай «Kitap Fest - 2018» кітап фестивалі ұйымдастырылады.

    «Kitap Fest» фестивалінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту. Фестиваль аясында кітап көрмелері, поэзия оқуы, кездесу кештері, балалар арасында сурет салу байқауы, кітап жәрмеңкесі және тағы да басқа ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

     Сіздерді кітап фестиваліне қатысуға шақырамыз.

19 сәуір 2018 ж. 09:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: