«Кітапханадағы туған күн»

    26 сәуір күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында   «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында  кітапхананың оқырманы  Нармағамбетова Ақботаның он жасқа толған туған күні аталып өтті.

       Шараға туған күн иесімен бірге ата-аналары, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді.

«Балдырған» залы  туған күн иесіне арнап ғажайып ертегі кейіпкерлермен, шарлармен, жалаушалармен, безендірілді. 

      Мерекеде туған күн иесіне құттықтаулар айтып,  жылы лебіздерін білдіріп,  ертегі кейіпкерлер «Қызық телпек», « Мыстан»  балалармен онлайын, түрлі ойындар ойынатып,   ән  мен биден шашу шашты.

      Шара соңында туған күн иесіне кітап сыйға берілді, балаларға тәттілер таратылды.



 
27 сәуір 2018 ж. 15:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: