«Рухани жаңғыру – Ұлт мұраты» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

   Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірігіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау және патриоттық рухымызды күшейту мақсатында «Рухани жаңғыру – Ұлт мұраты» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

    Семинар барысында Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру», «Рухани жаңғыру» орталығының жетекші маманы Әбжет Бақыт Сырымұлы «Жаңаша ойлау жарқын болашақ кепілі» және Алматы қаласынан арнайы шақырылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жетекші қызметкері Сайдембаева Алия Шуратовна «Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы кітапхананың ролі» тақырыбында баяндама оқыды.

   Семинарға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.






 
23 мамыр 2018 ж. 16:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: