«Өлкенің гүл жайнаған балғындары» / мерекелік кеш/

      2018  жылдың  1  маусым  күні  Ә. Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасы Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне орай   балаларға  шын көңілден шаттық,  көңіл-күй  сыйлап, мейірімділікке  баулу, шығармашылық  қабілеттерін  шыңдау  мақсатында «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты  мерекелік  кеш ұйымдастырды.

      Мерекеге  Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицей, Ә. Мүсілімұлы атындағы  № 101 мектеп - лицей,  №147 орта мектеп, №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары  қатысып,  туған жер, бақытты балалық шақ, достық,  ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. «Әл -Сабыр» балақшасының бүлдіршіндері мерекеде ең сүйкімді, талантты,жұлдыздары болып,         «Теремок» орыс халық ертегісінен  қойылым қойды.

     Мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлерінде тынығушы балалар,  кітапхананың  белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар тамашалады.

      Шара соңында қатысушылар  баланың  дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып,  шығармашылық қабілетін шыңдайтын «Бақытты  балалар  бейбіт  елдің тірегі» атты кітап көрмесімен  танысты. Көрмеге 300-ге жуық балалар әдебиеті  қойылды.







 
01 маусым 2018 ж. 18:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: