«Байтақ елімнің рәміздері»

    2018 жылдың 4 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне байланысты «Байтақ елімнің  рәміздері»  атты кітап көрмесін    ұйымдастырды.

   Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік – экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

     Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

     «Байтақ елімнің  рәміздері»  атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынып, келген қонақтарға кітапханаға экскурсия өткізілді.


 
04 маусым 2018 ж. 10:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: