«Қоршаған ортаны аялау – адамзат парызы»

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылғы 7 маусымында   А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының   Экология саласына 30 жыл толуына орай «Қоршаған ортаны аялау – адамзат парызы» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Бүгінгі таңда экологиялық білім берудің мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұлғаны тәрбиелеу, қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті үйрету, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

     Қазіргі кезде қоршаған ортаның экологиялық жағдайы кімді болса да толғандыратын проблемаға айналып отыр. Болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін Қазақстанда жер мен оның қойнауларын, су ресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану, ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының молаюын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны жақсарту үшін қажетті шаралар қолдану керектігі жөніндегі мәселелердің бір қатары бүгінгі күн тәртібіндегі ғаламдық проблемалар болып табылады.

    Көрменің «Қазақстан табиғаты» атты бірінші  бөлімінде еліміздің бай табиғаты, көрікті қорықтары, сәнді саябақтары, жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі тағы да басқа тақырыптардағы мәліметтер және  мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. Ғаламдық, ұлттық экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары, экологиялық маңызды деректер, биосферадағы сулардың ластану көздері және оларды тазалау әдістері жайлы А.Т. Қуатбаевтың «Жалпы экология», А.К.Бродскийдің «Жалпы экологияның қысқаша тарихы»,Н.А.Мұхажанованың, «ЖааҺндық экология», «Геоэкология», К.Б. Булекбаеваның «Экология және қоршаған ортаны қорғау» т.б кітаптарынан табуға болады.

  «Арал теңізі: ЖаҺандық экология мәселесі» бөліміне Арал теңізі мен оның төңірегінің экологиялық ахуалы, теңіздің тартылу себептері, тарихы, экологиялық жағдайдың  бүгінгі мен ертеңгі өмірге әсері туралы кітаптар мен  мерзімді басылым беттеріне шыққан материалдар қойылды.





 
08 маусым 2018 ж. 15:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: