«Көркем сөз әлемінің кемеңгерлері» Әдеби кеш

        15 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әнес Нарымбетов пен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың өмір жолы мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау арқылы туған жерді сүюге, адамгершілікке тәрбиелеуге және танымдық қабілетін дамытып, көркем шығарманың шынайылығын түсініп, өлеңдерді мәнерлеп оқи білуге үйрету  мақсатында «Көркем сөз әлемінің кемеңгерлері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешке қаламыздағы №12, №278, №197, №140 орта мектептердің күндізгі лагерь тобындағы оқушылары белсене қатысты.

         Шара барысында оқушылар балалар бағының бағбаны болған қос ақынның шығармаларынан өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп өз өнерлерін ортаға салды. №140 орта мектептің 6 «В» сынып оқушысы Көпжасарқызы Ақбота Адырбек Сопыбеков атамыздың «Жоғалған қыз» поэмасын жатқа оқып, көпшілік қауымды өз өнерімен тәнті етті. Соңында оқушылар екі ақынның шығармашылығына арналған «Көркем сөз әлемінің кемеңгерлері» атты кітап көрмесімен танысты.





 

15 маусым 2018 ж. 19:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: