« Астана – Қазақстанның жүрегі»

         Әлем танылған  жас  қала Астана- Отанымыздың жүрегі, символы. Астананың бой көтергеніне   биыл жиырма жыл толып отыр.  Жиырма жыл ішінде Астана  қазақстанның шынайы  тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды.

        Осы мерейтойды  атап  өтуге  және болашақ ұрпақты  елін, жерін сүюге, отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды  жас  суретшілерді  шығармашылық ізденіске баулу мақсатында « Астана – Қазақстанның жүрегі»  сурет көрмесі  ұйымдастырылды.

           Сурет көрмесіне кітапхананың  турақты оқырмандары  қатысты.

         Көрермендер назарына жас суретшілер өз туындыларында Қазақстанның әсем қаласы Астананың келбеті, табиғаты мен кең даласын бейнеленген 55  жұмыстарын  ұсынды. 

          Көрмемен кітапхана оқырмандары және қала турғындары танысты.





 
05 шілде 2018 ж. 19:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: