«Bookcafe» және "Коворкинг" орталығы ашылды.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханадан «Bookcafe» және коворкинг-орталық ашылды. Салтанатты шараға Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы, облыстық кәсіпкерлер Палатасы филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысты. Бүгінде кітапхана заманауи жабдықпен жабдықталған барлық қажетті іскерлік кездесулер, шеберлік сабақтар өткізуге ыңғайлы қарым-қатынас орталығына айналуда.

Адамдар арасында емін-еркін, бейресми қарым-қатынас орнататын, жастардың тұрақты келіп тұратын  ыңғайлы алаңға айналдыру мақсатында кітапханадан «BOOК кафе» ұйымдастырылды. «BOOК кафе» - бұл  білім алуға, жұмыс жасауға, демалуға, сонымен қатар көңілді кештерге арналған алаң. Бұл орын белсенді жастардың уақытын тиімді өткізуге, пікір алмасуға, қарым-қатынас орнатуға арнайы жабдықталған. BOOК кафе-де кітап оқумен қатар кофе, шәй ішіп, мәдени демалуға барлық  жағдай жасалған.

Ал коворкинг-орталықтың негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Коворкинг орталық төрт аймаққа бөлінген: іскерлік қатынас аймағы, бейресми кездесулер аймағы, демалыс аймағы және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң.

Іскерлік қатынас аймағы - шығармашылық және ғылым жолындағы жастардың басын қосу мақсатында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға арналған. Мұнда жастар өз жобаларын, идеяларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болады. Бұл орын жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, проектор, экран, маркерлі тақта, диван, стол, үстелдер) жабдықталған. Интернет, WI-FI бар.

Бейресми кездесулер аймағы - интеллектуалды ойындар, көрмелер ұйымдастыруға, вебинар және фильм көруге көруге мүмкіндік жасалған. Келушілердің демалуына жағдай жасалған қолайлы орын. Мұнда теледидар, үстелдер, пуфиктер қойылған. Қызықты кітап, газет-журналдармен таныса алады. 

Демалыс аймағы - жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда шахмат және үстел теннисін ойнауға болады. Жеке жұмыстар жасауға арналған алаң.

Коворкинг-орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, жұмыс орындарының ауқымды саны, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет бар. Заманауи орталық келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуға, жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын  жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.








 
22 тамыз 2018 ж. 19:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: