«Жыр атасы – Тұрымбет» атты кеш ұйымдастырылды

    18 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  өнер бөлімі облыстық Ардагерлер Үйінде Сыр бойының атақты жырауы Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Жыр атасы – Тұрымбет» атты кеш ұйымдастырды. Кештің мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жыраулық поэзияда өзіндік орны бар халық ақындары мен жыршы-жыраулардың шығармашылық жолын насихаттау.

    Әрі жырау, әрі ақын Тұрымбет Салқынбайұлының есімі тек Сыр бойына ғана емес, талай жерлерге мәшһүр болған. Ол 1868 жылы бұрынғы Қазалы уезі, Жамансыр болысы, №3 ауылда кедей шаруа отбасында дүниеге келген.   Сыр бойы, Арқа, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Өзбекстан жерін көп аралап, жыр айтқан. Терме, тақпақ, айтыс, толғау, тойбастар, мақтау, сынау сөздер айтуға шебер болған.

   Облыстық Ардагерлер Үйінің демалушыларына жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер таныстырылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттің «Дәстүрлі музыка» кафедрасының студенттері Дәулетхенұлы Ізбасқан, Бүркітбай Ақсұңқар және Жақсанов Жәнібек жыраудың толғауларымен таныстырды. Ардагерлерге Тұрымбет жыраудан басқа да сыр бойының дүлдүл сүлейлерінің жыр термелері орындалды.




19 қыркүйек 2018 ж. 16:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: