Үштілділік – кемел келешек кепілі

     Елбасы тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 21 қыркүйек күні «Үштілділік – кемел келешек кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

     Шара барысында өз ана тіліңе құрметпен қарай отырып, ұлтаралық қатынастар тілін еркін игеруге, жаһанданудың жетістіктеріне жетуде ағылшын тілінде сөйлеу – Қазақстанның болашағын жарқын болуының айғағы туралы жастарға сөз етіліп, сұрақтар мен парасатты пікірлер талқыланды.

     Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ф.ғ.к. «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» факультетінің қауымдастырылған профессоры К.Сарышова, п.ғ.к. «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті Д.Сарсенова, «Speak English» оқу орталығының оқытушылары З.Жулдабаева, А.Жақсылықова, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінің қызметкерлері және көпсалалы «Ұлағат» колледжінің студенттері қатысты.



 
 
21 қыркүйек 2018 ж. 16:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: