Өзіміз жасап көрейік... Шеберлік сабағы-3

    25 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өнер бөлімінің залында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – жастарға бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру, әдемілікке, талғампаздыққа үйрету, еңбекке тәрбиелеу.

   Шеберлік сабағын қолөнерші Мұстафақызы Жанар жүргізді. Сабаққа Қызылорда көпсалалы колледж студенттері, оқушылар және «Өнер» клубының мүшелері қатысты.

   Сабақ барысында жастар табиғи тастардан қыздар пайдаланатын әшекей бұйымдар: мойынға тағатын алқалар, шашқа, қолға арналған сәндік заттар жасауды үйренді. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды қыздар ерекше ынтамен, қызығушылықпен жасады. Келесі сабақ қараша айына жоспарланған.




 
26 қыркүйек 2018 ж. 16:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: