«Сөйле, тілім, жосылып»

    17 қазан күні облыстық Ардагерлер үйінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Сыр бойының атақты шайыры Омар Шораяқұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Сөйле, тілім, жосылып» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Жыр кешінің мақсаты - Сыр сүлейлері арасында шоқтығы биік Дүр Омар Шораяқұлының өмірі мен шығармаларын насихаттау. Жаңа ұрпақты жыраулық өнермен сусындатып, сүлейлер есімдерін дәріптеу.

    Омар Шораяқұлы бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезіндегі Аққыр болысы, 12-ауылда, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1878 жылдың 22 қазанында дүниеге келген. Өлең жазуды 16 жасынан машық ете бастаған ақынның көптеген толғау, терме, өсиет, мысалдарымен қатар, он бестен аса көлемді дастандары бар. Олар «Жарлы Тәліп», «Қара шекпен», «Әбу Шаһыма», «Һақ Сүлеймен», «Мағауия», «Мұхаммад», «Үш күлше» және т. б. хикая, дастандары. «Һақ Сүлеймен» дастаны жетпіс тоғыз (79) бөлімнен тұрады. Бұл шығарма өте көлемді шығармалардың бірі. Діни сауатты Омар Шораяқұлы «кітаби ақындар» қатарына осы терең фәлсафалық туындыларымен ен­ген.

    Шайырдың танымал шығармаларымен қатар басқа да сүлейлердің жыр-толғауларын Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің  суденттері орындады.

    Шара соңында ардагерлерге «Атадан қалған асыл сөз» атты кітап көрмесі таныстырылды.

17 қазан 2018 ж. 16:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: