«Рауан» балалар интеллектуалды шығармашылық клубының кезекті отырысы

    2 қараша күні  жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шындау, олардың төл туындыларын оқушылар арасында насихаттау мақсатында «Рауан» балалар интеллектуалды шығармашылық клубының кезекті отырысы  өтті.

    Өлең  әлемінің  нәзік те сыршыл  иірімін  өзгеше  толқыныспен  жеткізетін   жас ақын  Гүлзар Башарова  және Т. Есетов атындағы  № 264 мектеп- лицейдің, Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп- лицейдің,  №2 «Мұрагер» мектеп -лицейдің балауса ақындары қатысты.

    Шара барысында Гүлзар Башарова поэзияның құдіреті, өлең жазу шеберлігі жайлы әңгімелеп, өзінің  шығармашылық  жолын  таныстырды. Кейінгі жас буынға шығармашылық ізденістерін, қабілеттерін арттырып, сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеруге бағыт бағдар берді. Балауса ақындар өздерінің жүрек түкпірлеріндегі жарып шыққан жырларын осы кездесуге  арнады.


 
05 қараша 2018 ж. 15:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: