«Кәсіптік білім және бизнес» тренинг

     2018 жылдың 6-7 қараша  күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы»  аясында

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге «Кәсіптік білім және бизнес» тақырыбында тренинг сабақ ұйымдастырылды.  Бизнес-тренер А. Жолдасбеков өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарға, кәсіптік бағыт-бағдар бере отырып,  шағын несие алу жолдары  туралы  мағлұмат берді.     

   Сонымен қатар кәсіпкерліктің негізгі қағидаттары,  психологиялық дайындық, маркетинг, бизнес жоспарлау, кәсіпкерліктің  құқықтық негіздері  тақырыптары  қозғалып, слайд көрсетілді.

   Тренинг соңында  болашақ кәсіпкерлерге кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бизнес сабақтары 2018» оқулығы, кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті нормативтік құжаттар мен келісім шарттардың жасалу үлгілері жинақтары  бар   арнайы  электронды тасымалдағыш таспалар тапсырылды.



 
 
07 қараша 2018 ж. 17:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: