Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы

    2018 жылдың  9 қараша күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қазақ халқының ардақты да асыл ұлы, Халық қаһарманы, Кеңестер Одағының батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

  Шығармада  жазушы ауылдың қарапайым, аңғал, момын адамдарын көрсетіп, кейіпкерлерін қайырымды, әдет-ғұрыптарды қадірлеп қастерлеушілер ретінде бейнелейді.

    Конференцияға көпсалалы «Ұлағат»  колледжінің студенттері қатысты. Оқырмандар шығармадағы  әрбір кейіпкерлерге жеке тоқталып, олар өмірдегі шынайы образдар екенін жан - жақты талқыға салды. Аталмыш іс - шараға қатысушылар Бауыржанның әжесі – Қызтумас бейнесін  талқыға салып, салт жоралғыны білетін, ел анасы деген тоқтам жасаса, анасы Рәзияның өмірден ерте өткеніне үлкен қынжылыс танытты. Жазушының әпкелері Үбиан, Сәлима, Әлималар да көңілден тыс қалған жоқ. Әсіресе үлкен әпкесі Үбианның ақылдылығы мен даналығы тілге тиек етілді. Атасы Имаштың да өте текті жерден шыққаны өткен өмірінен белгілі десе, әкесі Момыналының орысша хат таныған, зергер, аймаққа әйгілі танымал адам екендігін ортаға салды. Оқырмандар  әңгімедегі басқа да образдар бейнесін жан – жақты аша білді.

     Іс – шара барысында қатысушы қонақтарға Бауыржан Момышұлы туралы бейне – көрініс көрсетілді.


 
09 қараша 2018 ж. 17:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: