«Балалар әлемінің елшілері»

     28 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  жас ұрпақтың бойында мейірімділік қасиетін қалыптастыру,

өзін және қоршаған ортаны танып, бағалай білуге баулу,рухани жан-дүниесін жетілдіре отырып, кітап оқуға тарту мақсатында «Балалар әлемінің елшілері» атты акция ұйымдастырды.

     Акцияға қаламыздағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мекеме және Атамекен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері, Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция мекемесінде пробациялық есепте тұрған жасөспірімдер қатысты. Қаладағы №4, №101, №7, №2 мектеп-лицей оқушылары  қатысушыларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен биден шашу шашты. Ертегілер әлемінен келген кейіпкерлер өз өнерлерін көрсетіп,  «Күнді іздеген достар» атты театрландырылған қөрініс қойды.







 
28 қараша 2018 ж. 12:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: