Экономика ғылымдарының докторы, профессор Атамұрат Шәменовтің «САБЫР» кітабының тұсаукесері

    2018 жылдың 7 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  экономика ғылымдарының докторы, профессор Атамұрат Шәменовтің «САБЫР» атты кітабының тұсаукесері өтті.

    Жаңа  туындыда Сыр елі тарихында ерекше есімі жазылып қалған, Қызылорда облысының және Шиелі ауданының құрметті азаматы,  гидротехникалық құрылыстардың салынуына ерекше үлес қосқан Сабыр Арыстанбаев туралы айтылады.

    Су шаруашылығы саласының белгілі маманы,  Сабыр Арыстанбаев туралы естеліктері мен тарихи құжаттар негізінде жазылған зерттеулік туындының алғы сөзін жазған саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір.

Тағылымды шараны Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы ашып, С.Арыстанбаевтың қызмет жолы, мен ізгі істеріне тоқталып өтті.

     Тұсаукесер рәсіміне өңірдегі зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері,  әріптестері  қатысты. Мәдени шара  аясында Сабыр Арыстанбаевтың өмір жолына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.







 
07 желтоксан 2018 ж. 18:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: