Танымал суретшінің туындысының көшірмесін жасаудан Ш Е Б Е Р Л І К С А Б А Ғ Ы

        17 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өнер әдебиеттері бөлімі жанынан ашылған арт-студия аясында танымал суретшінің туындысының көшірмесін жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағының мақсаты - сурет салу  өнерінің  әдіс-тәсілдерімен, негізгі  қағидаларымен  таныстыру.  Әдемілік  пен  әсемдікке, ізгілік  пен парасаттылыққа тәрбиелеу. 

        Сабақты арт-студия жетекшісі Абуова Баян жүргізді. Көшірме жасауға атақты голланд суретшісі Винсент Ван Гогтың «Жұлдызды түн» туындысы алынды. «Жұлдызды түн» 1889 жылдың маусым айында салынған. Суретте таң атар алдындағы мезгілдегі қала көрінісі бейнеленген. Сурет 1941 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нью-Йорк қаласында Заманауи өнер мұражайында сақталады.

         Шеберлік сабағына арт-студия оқушылары мен әуесқой суретшілер қатысты. Сабақ барысында қатысушыларға сурет авторының өмірі қысқаша таныстырылып, шығармаларына шолу жасалды. Соңынан арт-студия жетекшісімен бірге көшірме жасау жолдары көрсетілді.



 
18 қаңтар 2019 ж. 16:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: