«Ұлы даланың тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 2019 жылдың 18 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлы даланың тұлғалары»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты Ұлы Даланың тұлғаларымен оқырмандарды қайта қауыштырып, қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Көрме  Елбасының өмірбаянынан басталады. Атап айтсақ,  «Мәңгілік ел – Қазақстан»: Фотоальбомы, Г.Канның «Ұлы дала тарихы», «Ұлы дала елі», Б.Кәрібаевтың «Қазақ  хандары» (үш тілде),  Ө.Озғанбайдың «Тарихи тұлғалар тағылымы», «Ұлы даланың дара тұлғалары» сериясымен шыққан «Қазақ  хандары», «Қазақ батырлары», «Қазақ би-шешендері», «Қазақ тарихындағы әйелдер», «Қазақтын сал-серілері», Қ.Омаровтың «Тектілер тағылымы» кітаптары  көпшілік назарына ұсынылды.

   Кітапханашы  Кулмырзаева Қарлығаш оқырмандарды Қазақстанның ұлы тұлғаларымен, көрнекті қайраткерлерімен таныстырды, библиографиялық шолу жасады. Көрмеге 30-ға жуық әдебиет пен мерзімді басылымдар  бетінде жарияланған мақалалар, фотоматериалдар қойылды.

     Шараға жастар, «Кездесу» клубының мүшелері. БАҚ өкілдері, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

 
18 қаңтар 2019 ж. 18:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: